Ішкі тәртәп ережесі

Қармақшы  аграрлы – техникалық  колледжі бойынша

ішкі тәртіп ережесі

 

 

 1.Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже Колледжде студенттер қызметтерінің ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады;

1.2. Білім алушылар  (Колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

1.3. Оқу тәртібі колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбегі мен білімі үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті ұйымдық және экономикалық шарттардың құрылуын қамтамасыздандырады;

1.4. Колледж білім алушыларының  ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

1.5. Білім алушылар  қызметінің ішкі тәртіп ережелерінің мәтіні колледждегі хабарландыру тақтасына ілінеді.

 

2.Білім беру қызметі.

2.1. ҚР мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім беру  стандарттарына  сәйкес білім беру.

2.2 2020-2021 оқу жылында қабылданган  мамандықтар  бойынша  топтарда  білім беру  процесі  модульдік  құзыреттілік  негізінде  және  дуалды оқыту  техникасы  бойынша  жүргізіледі. Жалпы білім беретін пәндер  жаңартылған білім беру  мазмұнында  жаратылыстану математика бағыты бойынша оқытылады.

2.3 2020-2021 оқу жылында  барлық  білім алушылардың  білімін  бағалау  сандық   бес балдық жүйе бойынша  жүргізіледі.  

 

  1. Білім алушылардың негізгі құқықтары

Колледж  білім алушысы  төмендегі құқықтарға ие:

3.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

3.2. білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

3.3. орнатылған көлемде шәкіртақы алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);

3.4. ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға;

3.5.өзінің жетістіктерін,  ар ұжданын,  еркін ойы мен сенімділігін құрметтей білуге;

3.6. колледж қызметінің маңызды мәселелерін, білім алушылардың  қоғамдық ұйымы мен қатар колледжді басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;

3.7. колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

3.8. барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, сондай-ақ колледждегі баспаларға, пәндік үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болуға;

3.9. конференцияларға, колледждің құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылатын барлық байқауларға, көркем өнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және басқа да іс шараларға қатысуға;

3.10. оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

3.11. сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

3.12. Колледж оқытушылары ұсынған факультативты курстарды таңдауға;

3.13. Колледждегі  білім алушы  өзін-өзі басқару органында сайлауға және сайлануға;

 

  1. Білім алушылардың негізгі міндеттері

Колледж білім алушыларының  міндеттері:

4.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген

міндеттерді орындауға;

4.2. Колледж Жарғысын, білім алушылар  қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін ұстануға, педагогикалық кеңес шешімін, директордың, директор орынбасарларының оқу, мәдени, ғылым процестерін түзейтін, олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді орындауға;

4.3. Колледждің барлық формаларындағы білім алушылар  таңдаған мамандықтары бойынша теоретикалық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);

4.4. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға, қарыздарды уақытылы жоюға;

4.5. Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

4.6. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

4.7. адам жетістіктерін және білім алушылар мен оқытушылардың ойын құрметтеуге, басқа тұлғалар ойына құрметпен қарауға, ал басқа анти қоғамдық көріністерге сылқым қарауға;

4.8. Колледждің оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты үстауға, басқа студенттердің өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға, колледждің іскерлік беделін құрметтеуге-қорғауға;

4.9. тәртіпті және ұйымшыл болуға, Колледждің барлық оқу және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, колледждің оқу корпусы мекемесінде оқу және қосалқы жинау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4.10. тәртіпті және ұқыпты болуға, колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға;

 Ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырынған болу керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүру керек;

4.11. Дене тәрбиесінің сабақтарында әкімшілікпен бекітілген спорт киімдерімен жүру керек.

4.12. аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;

4.13. сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;

4.16. ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ белсендісіне, топ жетекшісіне хабарласуға. Егер студент сабаққа қатыспағаны жайлы , топ жетекшісіне  немесе  топ белсендісіне ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаториялық, емдік мекемелер немесе колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

4.18. әрбір топта директор бұйрығымен бекітілген көптеген үлгерімі жақсы, тәртіпті студенттердің ішінен топ белсендісі тағайындалады;

4.19. топ белсендісі міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ студенттерінің арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы кіреді;

 

 

  1. Колледж ғимаратында төмендегілерді жасауға тиым салынды

5.1. колледжде «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдармен,фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды (ұялы телефондар,смартфондар,планшеттер,смарт сағаттар және соған ұқсас басқа да құрылғылар) пайдалануға;

5.2. қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ барысында дәліздерде жүруге;

5.3. дене жарақаттарын келтіруге немесе байбалам салуға, бір-біріне жаман қатынас құрып бірін-бірі балағаттауға, басқалардың мүліктерін ұрлауға, басқаларды және колледждің жеке мүліктерін әдейі бұзып, агрессиялық немесе бұзақы қылықтар (актілері, сондай-ақ құқыққа қарсы қылықтар) көрсетуге;

5.5. мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, шашуға;

5.5. спирттік ішімдіктерді, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды пайдалануға;

5.6. қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бүйымдарды пайдалануға;

5.7. қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

5.8. шемішкелер мен құмарлық ойындар пайдалануға;

5.9. сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар басырысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, бас киімді тығып және сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды колледждің электр желілерінде  қосуға;

5.10. жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;

5.11. Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;

5.12. қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандайда бір жазу материалдарын жабыстыруға;

5.13. қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттауға;

5.14. діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

5.15. Колледжге шолақ шалбар, майка, сланцы киіп келуге, спорт киімдерін дене тәрбиесі сабағында немесе спорттық іс-шараларда ғана киюге;

5.16. оқу аудиториясына сырт киімдерімен кіруге болмайды

5.17. сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;

5.18. сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп шығуға;

5.19. өшпенділік, ұлттық және діни өшпенділіктерді қоздыруға жолданған іс-қимылдарды жібермеуге, ұлттық абыройды түсірмеуге;

5.20. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз оқу ғимаратының түрлі құралдар мен басқа да бұйымдарын шығаруға;

5.21. Білім алушы  өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек:

а) академиялық жұмыстарды орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестация барысында өзіне немесе өзгеге көмектесу мақсатымен ақпараттарды заңсыз алу немесе шпаргалка пайдалану, көшіру;

б) біреулердің жетістіктерімен немесе шешімдерін өз ойының нәтижесі ретінде етіп бастыруға, ұрлап немесе тапсыруға;

в) құжаттарды, мәліметтерді, қолдан жасауға немесе көшіруге (оқу журналдарын, үлгерім кітапшаларын, студенттік билеттерді), сақталған ақпараттардың көшірмелерін жасауға, өзгертуге және басқа түрде қолдануға (сондай-ақ компьютерлік);

 

 

  1. 6. Білім беру ұйымдарына алып кіруге және пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізбесі.

6.1.Қару.

Кез келген, оның ішінде, лақтырылатын жарылғыш заттар (снаряд тәріздес) немесе залал келтіру мүмкіндіктері бар заттар:

-      барлық қару-жарақтар (тапаншалар, револьверлер, мылтықтар және шолақ мылтықтар, т.б);

  • атыс қаруының көшірмелері немесе имитацияланған қару;

-      атыс қаруының құрамына кіретіндер (көздеу/ анықтау оптикалық құрылғыларын қоспағанда);

  • газды қарулар;
  • пневматикалық тапаншалар, винтовкалар және шарикті қарулар;

-      сигналды тапаншалар, старттық тапаншалар, ойыншық түріндегі барлық пистолеттер;

-      допты лақтыруға арналған құрылғылар;

  • шеге қағуға және болттарды бекітуге арналған өнеркәсіптік құрылғылар;
  • арбалеттер, катапульттер, гарпундар және найза қаруы;

жануарларды өлтіруге арналған құрылғылар;

-      есеңгірету немесе соққы құрылғылар (электр тоғы, балға, т.б.) мысалы, ірі қара малдарды сою алдында пайдаланатын құралдар;

-      атыс қарулары түрінде жасалған жарықшақтар;

-      патрондары бар травматикалық, жарық-дыбысты ұңғымасыз қарулар; электрошокті құрылғылары және т.б.

6.2. Сұғу/кесу қарулары және өткір заттар

Қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығына қауіп төндіредін сұғу немесе кесу заттары, онын ішінде:

-      балталар мен тесаки, жебелер мен дротик, гарпундар мен найзалар, мұз шапқыш, мачете;

-      кез келген ұзындығы жылжымалы тартылатын немесе шығарылатын жүзі бар пышақтар;

-      металлдан немесе берік материалдан жасалған кез келген ұзындықтағы

-      жүзі бар потенциалды қару ретінде қолдануға болатын пышақтар;

-      ашық ұстара және лезвия (бір рет пайдаланылатын картридждегі жүзі бар немесе қауіпсіз ұстараларды қоспағанда);

-      қылыштар, семсерлер мен семсердің сабы;

-      скальпельдер;

-      металлды жұлдыздар;

-      сұғу немесе кескіш құрал ретінде қолдануға болатын өнеркәсіптік құралдар, мысалы, есіктерге арналған бұрғы және темір тескіш, резак-кескіштер, сервистік пышақтар, аралар, бұрауыштар, ломдар, балғалар, факелдар;

-      штопорлар (корпусы барлар);

-      инъекцияға арналған инелер (егер медициналық негіздеме берілмесе);

-      тоқу сымдары;

-      ұзындығы 60 мм-ден асатын жүзі бар қайшы;

-      жиналмалы (тіркегішсіз) жолда алып жүруге арналған, ұзындығы 60 мм-ден асатын бәкі пышақтар;

-      шанц құралдары.

6.3. Доғал құралдар

 

Қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығына қауіп, зиян төндіретін, кез келген доғал құралдар, оның ішінде:

-      әскери өнер құралдары, мысалы, шоқпар, дубинкалар, күріш тізбектелген шынжыр және т.б.

6.4. Қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығына, сондай-ақ, білім беру ұйымы мен оның мүлкіне қауіп төндіретін кез келген жарылғыш немесе тұтанғыш заттар:

-      оқ-дәрілер, оқтұмсық;

-      детонаторлар және сақтандырғыштар (запалы);

-      жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар;

-      жарылғыш заттардың көшірмелері немесе имитацияланған түрлері

-      миналар және басқа да әскери жарылғыш оқ-дәрілер, гранаталардың барлық түрлері;

-      газдар мен газ контейнерлері, мысалы, бутан, пропан, ацетилен, үлкен көлемдегі оттегі;

-      фейерверк отшашулар, кез келген нысандағы жарықтандыру зымырандары және басқа пиротехникалық заттар;

-      өздігінен тұтанатын сіріңкілер;

-      түтін шығарала алатын канистрлар немесе патрондар;

-      жаңғыш сұйық отын, мысалы, бензин, дизель отыны, жеңіл сұйықтық, спирт, этанол;

-      аэрозольдік бояулар, скипидар және жұқа бояулар;

-      алкогольдік сусындар.

6.5. Химиялық  және улы заттар

Кез келген химиялық немесе улы заттар, қызметкерлер мен оқытушылардың денсаулығына қауіп төндіретін, сондай ақ білім беру ұйымының немесе мүліктің қауіпсіздігі, сонын ішінде:

-      қышқылдар мен сілтілер, мысалы: «дымқыл» батареялар (ағып кетуі ықтимал);

-      коррозиінді немесе ағартқыш заттар, мысалға, сынап, хлор;

адамды қатардан шығаратын газды баллончиктер, мысалы:, бүрку газы, бұрыш бүркуге арналған баллончиктер;

  • радиоактивті материал, мысалы, дәрілік немесе коммерциялық изотоптар;
  • есірткі заттары;
  • психотроптық заттары;

-    улы, жұқпалы немесе биологиялық қауіпті заттар, мысалы, жұқтырған қан, бактериялар мен вирустар және т.б.  

 

 

  1. Әкімшіліктің негізгі міндеттірі

Білім беру жағдайын қамтамассыздандыру мақсатында колледж әкімшілігі:

7.1. ғылыми-педагогикалық, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа қызметтер жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамассыздандырады;

7.2. дені сау және қауіпсіз білім беру жағдайын, құрал-жабдықтардың жөнделген күйін қамтамассыздандырады;

7.3. Колледждің қаржы құралдарының шегінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және білім беру процессін және ғимараттың жабдықталуын жүзеге асырады;

7.4. білім беру процессінің тиісті әдістемелік қамтамассыздануына шаралар қолданады;

7.5. сабаққа алкагольды есірткі және уланған мас күйінде келген студентті кіргізбейді;

7.6. өндірістік жарақаттанушылықты алдын алу бойынша қажетті шаралар қолданады, студенттердің қауіппсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың барлық талаптарын біліп және сақтауын бақылайды;

7.7. білім алушылардың  сырт киімдерін сақтау үшін қалыпты жағдайларды құрайды, ғимараттың жылу, жарық, желдету, жабдықтарымен жабдықталуын қамтамассыздандырады;

7.8. Білім алушылардың  қызметтерін жақсарту, Колледждің және олардың бөлімшелерінің беделін көтеру жөніндегі ұсыныстарын уақытылы қарастырады;

7.9. оқу ғимаратының қорғанысын, құрал-жабдықтардың, мүліктердің сақтығын, сондай-ақ оқу және тұрмыстық мекемелердегі қажетті тәртіптің қалыптасуын қамтамассыздандырады, ғимараттың қорғанысы, олардың өрт қауіпсіздігі және санитарлық жағдайына жауапкершілікте болу директордың бұйрығы бойынша тиісті лауазымдық тұлғаларға жүктеледі;

7.10. Колледж ғимараттарының жақсылап жабдықталуын (жөнделген жиһаздардың, оқу жабдықтарының бар болуы, қалыпты температурамен, жарықтың және т.б. сақтығын), жабдықтардың жөнделуін және сабақ барысына оқу құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді.;

 

  

 

 

8.Оқудағы жетістіктері үшін мадақтау 

8.1. оқудағы және Колледждің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге төмендегі моральды және материалды мадақтау формалары орнатылады:

а)алғыс жариялау;

б)Колледждің құрмет граммотасымен марапаттау;

в)басқа да мадақтау шаралары;

Мадақтау Колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымдарға мәліметтенеді және студенттің жеке ісінде сақталады;

 

9.Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік 

9.1. Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу жоспарларын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз келесі шаралар қолданады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) оқудан  шығару;

9.2. Білім алушыларға  төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:

а)осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;

б)оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

в)оқу орнына зиян келтіргеніүшін;

г)есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

д)Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

е)студентке ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:

  • 36 сағатқа - ескерту жарияланады;
  • 72 сағатқа - сөгіс жарияланады;
  • 108 сағатқа – оқудан шығарылады.

9.3.тәртіптік  шараларды  қолдану колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді

9.4. құжаттарға жауапкершіліксіз қарағандары үшін (студенттік билетті, сынақ кітапшасын және т.б. жоғалтқаны үшін) білім алушыларға  тәртіптік жаза қолданылады. Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі білім алушының  колледждегі оқу мерзіміне бір рет беріледі.Жоғалған студенттік билетті және сынақ кітапшасын студент өз қаржысына қалпына келтіреді;

9.5.  Колледж  білім алушысынан одан жазбаша түрінде түсініктеме алған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Білім алушының жазбаша түрде түсініктеме бермегені оған тәртіптік жаза шараларының қолданылуына кедергі етпейді. Әрбір тәртіпсіздікке тек бір ғана тәртіптік  шара қолданылады;

Әрбір тәртіптік  шарасы жөніндегі мәлімдеме білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

9.6. тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік пен жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады.

9.7. білім алушыларды  ауырған жағдайда (құжатпен расталған кезде) академиялық демалыс кезінде оқудан шығару мүмкін емес;

9.8. колледж оқушыларын олардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған кездерінде оқудан шығару, ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, колледж Жарғысымен анықталады:

-білім алушы  колледжден төмендегі жағдайларда оқудан шығарылады:

-өз еркімен, соның ішінде ауруы бойынша және басқа оқу орнына ауыстырылған кезде;

-академиялық үлгермеушілігі үшін сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағалар алған кезде, белгіленген уақыт ішінде академиялық қарызын өтемесе;

-Колледж Жарғысында және осы ережеде көрсетілген міндеттерді өрескел немесе бірнеше рет бұзғаны үшін;

-егер  білім алушы  себепсіз жағдайлармен сабақ барысына ағымдағы жыл бойы немесе оқу жылының семестірінде қатыспаған болса, сабақ басталған кезден бастап күнтізбелік ай ішінде оқудан шығарылуы мүмкін.

© 2021 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper