Қармақшы агаралы-техникалық колледжінде 2023 жылдың 15-21 қыркүйек аралығында «Еңбек күнін мерекелеуге» байланысты «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы апталықтың жоспарына сәйкес 21 қыркүйек күні колледж инженер-педагогтері А.Досболов,Н.Төреахметова, Н.Ілиясбек «Сенің таңдауың» тақырыбында І,ІІ курс студенттері арасында пікірталас өткізді.
    Мақсаты:Студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының маңыздылығын және өз мамандықтары арқылы қоғамға тигізер пайдасын түсіндіру.
    Колледж арнаулы пән оқытушысы А.Досболов студенттерге " нағыз маман иесі болу ол-мамандыққа құштарлықтан " екенін айтып , студенттерді мықты маман болуға шақырды.
    Аспаз мамандығының 1 курс студенті Әлібай Талғат мамандығын таңдау себебін студенттермен бөлісіп, оқуын бітіргесін фастфуд орталығын ашатынын айтты. Студенттер пікірталасқа белсенді түрде ат салысып, бір-бірінің пікірін құрметтей отырып, таңдаған мамандықтарын атап өтті. Пікірталас соңында студенттер бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы маман иесі болуға ізгі ниет білдірді

    2023 жылдың 25 сәуір күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Тіл мен тарих- ғасырлар куәсі» тақырыбында Қазақ тілі, тарих пәндері апталық аясында «Көкте күн, жерде қазақ халқы тұрғанда Темірбек Жүргенов есімі жасай береді»-тақырыбында I,II курс студенттері арасында эссе байқауы болып өтті.
    Эссенің негізгі мақсаты: Сөйлеу стилінде жазылған күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдердің болмауы. Толық талданым жасау, жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып дәлел келтіру.

    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
    «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» Ұлттық Чемпионатының Облыстық кезеңіне «АСПАЗ ІСІ» құзіреттілігі бойынша Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ІІІ курс Ас-20/9

    Құрметті сайттың қонақтары!

    Ізгі ниетпен, Қармақшы аграрлы - техникалық колледж директоры Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы

    Менің блогыма қош келдіңіздер!
     
    Нет описания фото.
     

    Мен Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы 1973 жылы наурыз айының 3 жұлдызында Қызылорда  облысы, Арал ауданында дүниеге келдім.

    Ұлтым -  қазақ.

    1980-81 жылдары Арал ауданы, Шижаға ауылында №57 октябрь орта мектебіне (қазіргі Елеу Көшербаев атындағы) 1 сыныпқа бардым.

    1989-90 жылдары №57 октябрь орта мектебін бітірдім.

    1991-92 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп,(ЗГВ Германияда) әскер қатарында қызмет еттім.

    1993-94 жылдары «ҚызылордаРисмаш» зауытында тасқалаушы, Арал ауданы, Шижаға ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында музыка жетекшісі қызметерін атқардым.

    1994-98 жылдары Қызылорда музыка колледжіне түсіп, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін «Оқытушы, хор дирижері» мамандығы бойынша бітірдім.

    2000-2003 жылдары Қорқыт-ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің  сырттай бөлімі бойынша «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірдім.

    2000-2009 жылдар аралығында А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатында тәрбиеші, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.

    2009-2017 жылдар аралығында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

    2017 жылдан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Кен орындарын игеру және пайдалану» мамандықтары бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарудамын.

     

     

     

    Директормен Whatsapp арқылы байланысу