Менің жетістігім-менің нәтижем

Басып шығару
Қармақшы агаралы-техникалық колледжінде 2023 жылдың 15-21 қыркүйек аралығында «Еңбек күнін мерекелеуге» байланысты «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы апталықтың жоспарына сәйкес 21 қыркүйек күні колледж инженер-педагогтері А.Досболов,Н.Төреахметова, Н.Ілиясбек «Сенің таңдауың» тақырыбында І,ІІ курс студенттері арасында пікірталас өткізді.
Мақсаты:Студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының маңыздылығын және өз мамандықтары арқылы қоғамға тигізер пайдасын түсіндіру.
Колледж арнаулы пән оқытушысы А.Досболов студенттерге " нағыз маман иесі болу ол-мамандыққа құштарлықтан " екенін айтып , студенттерді мықты маман болуға шақырды.
Аспаз мамандығының 1 курс студенті Әлібай Талғат мамандығын таңдау себебін студенттермен бөлісіп, оқуын бітіргесін фастфуд орталығын ашатынын айтты. Студенттер пікірталасқа белсенді түрде ат салысып, бір-бірінің пікірін құрметтей отырып, таңдаған мамандықтарын атап өтті. Пікірталас соңында студенттер бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы маман иесі болуға ізгі ниет білдірді