2020 жылдың 11 ақпаны күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде PISA халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша семинар өтті.
Семинарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Аралбаева, әдіскер Р.Елдесбаева және колледждің жалпы пән оқытушылары қатысты.
Семинар мақсаты: PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, PISA халықаралық зерттеуіне пән оқытушыларының білім алушыларымен жүргізетін жұмыстарының жоспары және атқарылған жұмыстарымен танысу.
Семинар барысында Г.Аралбаева PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалары ерекшеліктеріне тоқталып, әр бағыт бойынша мысалдар көрсете отырып, тапсырмалардың жауаптарын пән оқытушыларымен талқылады.
Пән оқытушылары осы мақсатта жүргізіліп жатқан өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.