«Үй шаруашылығына арналған шөп шабу құрылғысына» техникалық сипаттама
Қармақшы аграрлы- техникалық коледжінің 2021-2022 оқу жылында 1501000- «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері» мамандығы бойынша ІІІ-курс, Мм-19\9 оқу тобының студенттері Бегалы Әділ мен Мирамбек Нұрасылдың “Жас механизатор” үйірмесінде құрастырған техникалық шығармашылық жұмысы.
«Үй шаруашылығына арналған шөп шабу құрылғысының» негізгі бөлшектері:
- жұлдызшалы екі дөңгелек;
- дөңгелек аралық білік;
- басқару тұтқасы;
- орталық білікке құрылғыны бекітетін екі бұрыштама;
- құрылғы білігіне орнатылған подшипниктер;
- алты пышақты секция ;
- құрылғыға күш беруге арналған екі жұлдызшалы мехнаизм;
- дөңгелектегі жұлдызша мен құрылғыдағы жұлдызшаға бекітілген шынжыр;
Жетекшілері: Арнаулы пән оқытушысы: Н.Д.Жайықбаев
Өндірістік оқыту шебері: І.Н.Ілиясбек