«Ұлылықтың отын жаққан шырақшы»
5 қыркүйек күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған «Тіл-халық мұрасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш болып өтті.
Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Кешті қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы А.Джумагалиева М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен ашып, кіріспе сөз сөйледі. Колледждің 1-2 курс студенттері Е.Сансызбай, Ә.Жәнібекова, И.Жанықұлова, А.Қайыржанқызы, Н.Алпысбаев және Ф.Өмірзақтар мемлекеттік тілімізге аранлған ақын -жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты.
Колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» тақырыбында Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновқа арнлаған кітап көрмесімен, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Н.Абдиева қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолдарын слайд арқылы таныстырды.
-Ана тілі барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Ана тіліңді қастерле! Осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолдану аясын барынша ұлғайту біздің мақсатымыз деп, колледж әдіскері Р.Елдесбаева кешті қорытындылады.