2022 жылдың 15 қазан күні облыстық «Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы» және облыстық «Асық ату» Федерациясының 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырған «Асық және асық ойындарының жұмысын жүйелі жүргізу» тақырыбындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинарға қала бойынша білім бөлімдерінің мектептері, облыстық кәсіптік және техникалық мекемелерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Қызылорда облыстық «Асық ату» Федерациясының төрағасы Ж.Н.Базартай, Қ.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің директоры Р.Т.Жадиева және облыстық «Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы» «Оқу –әдістемелік спорт» бөлімінің басшысы А.Молдабайұлы баяндама жасады. Облыстық семинарға Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы Жайсаңбаев Қанағат Тәуекелұлы да қатысып, мамандармен өзара тәжірибе алмасып, кәсіби білімін жетілдірді.