«Теңге- тәуелсіздік келбеті» - танымдық сабақ
15 қараша күні ІІ курс топ студенттерімен «Жаратылыстану -
математика» пәндер бірлестігінде «Теңге – тәуелсіздік
келбеті» тақырыбында танымдық сағаты өтті.
Мақсаты:Студенттерге тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша
белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру.
Көрнекілігі :теңгелер бейнеленген суреттер, басқа елдер ақшалары мен монеталары, презентация.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Ой қозғау
1.Ақша дегеніміз не ?
2.Ақша қандай қызмет атқарады ?
3.Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?
4.Ұлттық валюта қай жылы шығарылды ?
ІІ. «Теңгенің шығу тарихы»- слайд
ІІІ. « Теңгемнің бейнесі »- реферат қорғау
ІҮ. Сергіту сәті:
- «Тұлғаны тап»- қай теңгенің бейнесі екенің табады.
- «Әр елде өз валютасы» - әр елдің валютасын атау
Ұйымдастырушы : Қошманова Дана Оразбайқызы