Ар-намыс кодексі

    Қызылорда облысының білім басқармасы

    Қармақшы  аграрлы-техникалық колледжінің оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушыларының

    АР-НАМЫС КОДЕКС1

     

    - Осы кодекс Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттерінің  мәдениеті мен тәртібінің негізгі ережелерін анықтайды.

    - Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттерінің Ар-намыс кодексі колледжде моральдік-психологиялық тұрғыны құруға бағытталған.

    - Осы кодекстің барлық нормаларын іске асырудың басты мақсаты- Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттерінің мәдениетін нығайту, беделін арттыру.

    - Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі әр оқытушысы мен студенттері осы кодекстің нормаларын сақтай отырып, колледждің имиджін және іскерлік репутациясын нығайтуға өз үлесін қосады.

    Оқытушының ар-намысы

    Оқытушының қызметтегі басты беталысы-студенттермен жұмыс, олардың мәдениеті мен білім алуына жағдай жасау, өз отанының шынайы патриоттарын тәрбиелеу.

    Оқытушы кәсіби болуы қажет: өзінің теориялық білімін үнемі жұмыс барысында жоғарылатып және педагогикалық шеберлігін шыңдап отыруы қажет, ғылыми қызметін таза біліммен іздеу жолында және зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу қажет, лайықты түрде дәлелмен жеткізіп тұруымен, пікірінің туралығымен және адалдығымен.

    Оқытушы- ұқыптылықтың, зеректіліктің, зиялылықтың моральдық үлгісі болуы қажет, Қазақстан мемлекетілігін активті насихаттаушы, жемқорлықтың түрлі бастауларына және тәртіпсіздік пен жауапсыздыққа қатаң қарсылық етуі қажет.

    Оқытушы өзін студенттерге қажетті еңбек құқықтарын сақтауға үлгі ретінде көрсетуі қажет , жұмыс барысында ұжыммен сыйластық қатынаста болып, өзінің істеріне талап қоя білуімен және өз қателерін ашық мойындап, еш риясыз жөндеуі керек.

    Оқытушы шыншыл болуы қажет, өзінің ұжымы мен студенттерге кәсіби әділ   бағасын қою керек, ол ұйымдастырушы, айтқан сөзі мен ісі сай болуы, қызметтік сұрақтарымен өз пайымын тіке ашық айтуы қажет және жеке көзқарасын дәлелдеуі қажет.

                ҚАТК оқытушысы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын,Педагогикалық әдеп қағидаларын, ҚАТК Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін сақтауға міндетті.

    • колледж дәстүрлерін қадірлеуге;
    • колледж беделін арттыруға, оның ғылыми және мәдени дамуына ықпал етуге;
    • Студенттердің намысын аяққа таптамау, менмендік пен менсінбеушілікті көрсетпеу
    • Студенттердің көзінше әріптестердің жеке өмірі мен кемшіліктері туралы талқыламау.
    • Колледжге мас күйінде келу және алкогольді ішімдіктерді колледжде ішуге,
    • Студенттерден сыйлықтар мен ақшалай сыйақы қабылдауға,
    • Жұмысқа кешігуге, сабақтарды қысқартуға немесе себепсіз босатуға,
    • Өз қызметтік міндеттерін орындауда дөрекілік көрсетуге,.
    • Студенттерге қатысты өз лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануға, студенттерге және оларды бағалауда кемсітушілік көрсетуге болмайды.

     

     

     

     

     

     

    Студенттің ар-намыс кодексі

     

    Студент-Қазақстан Республикасының патриоты. Ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары- әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді.

    Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығында кәсіби шебер болуға, өз бойындағы үздік шығармашылық қасиеттерді дамытуға ұмтылады.

    Студент үлкенді сыйлайды,қасындағыларға дөрекі мінез көрсетпейді.

    Студент парасаттылықтың, мәдениеттіліктің, адамгершіліктің үлгісі, ол адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшілігіне қарай кемсітуге жол бермейді.

    Студент саламатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады.

    Студент колледждің дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды. Студент шығармашылық белсенділікті дамытуға және беделін көтеруге өз үлесін қосады.

    Туыстық немесе қызметтік қатынастарды пайдалана отырып себепсіз сабақтарды жіберуге және жоғары баға алуға ешқандай жол берілмейді.

     

     

       Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік:

     

               Ар-намыс кодексі барлық оқытушылар мен студенттер үшін тең дәрежеде іс болып табылады.

               Оқытушылар мен студенттер кодексті білу міндетті және өз жүріс-тұрысына қатаң жауапкершілік алады.

              Осы кодекстің ережелерін бұзу колледж оқытушысы мен студенттердің мәртебесіне лайық емес ретінде  қарастырылады.

               Кодекс нормаларын бұзғаны үшін келесі шаралар қолданады:

    - көпшілік алдында кешірім сұрау ұсынысы

    - колледж этикасы бойынша Комиссиясымен тәртіпті талқылау;

    - тәртіптік жаза қолдану.