«Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік»
2023 жылдың 3 қазан күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжде құқық бұзушылық пен қылмыстылық жағдайлардың алдын алу мақсатындағы жүргізілетін профилактикалық жұмыс жоспарына сәйкес колледж студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге арнайы келген Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жарқинбаев Бақытбек Зейнуллаевич және Қармақшы АПБ-нің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерманов Қанат қатысып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сала мамандарымен өткен кездесуде білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық құқық бұзушылықтар,зорлық-зомбылық, интернет қауіпсіздігі, бопсалау, әлімжеттік жасаудың салдары жағдайлары туралы ақпараттық-танымдық біліммен қамтылды.
Кездесу барысында студенттерге «Кәмелеттік жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі» туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, жадынамалар таратылды.