АШЫҚ САБАҚ
Уақыты: 4 қазан
Тақырыбы: Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер.
Тобы: А-23/9
Пән мұғалімі: Алпамысова Ақерке
Сабақ мақсаты: - Бірлік шеңберді пайдалана отырып,қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шеше алады.
- Тригонометриялық теңсіздіктерді қарапайым түрге келтіре отырып шеше алады.
Тақырып аясында топтық,жеке,жұптық жұмыстар жүргізілді.Студенттер екі топқа бөлініп, оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған тапсырмалармен жұмыстар атқарды.Мұғалім Padlet тақтасына дайындап келген тапсырмаларды өз орнымен қолдана білді.Қалыптастырушы бағалау түрлері ерекше болды.Сабақ соңында оқушылар кері байланыс ретінде сұрақтарға жауап берді.
Сабақтан кейінгі студенттердің көңіл-күйі өте жақсы болды.