СӘДУ ҚАЛИМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІК ТЕСТ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ.
Бүгін Қармақшы аграрлы – техникалық колледжінде ұлағатты ұстаз, білім беру саласынынң ардагері Сәду Қалимахановты еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының студенттері арасында Президенттік тест, спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті.
Колледж студенттері арасындағы спорт бәсекесі облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ардагерлерін еске алу және есімдерін ұлықтау мақсатында мәдени- спорттық іс – шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отыр. Аймағымыздың барлық колледждерінің ішінен 13 колледж қатысып, жалпы саны 39 студент қатысты. Президенттік тест түрлерінің 100 метрге жүгіру жарыс нәтижесі бойынша Орда жоғары колледжінің студенті Сейдуллаев Аят І орынмен, Болашақ жоғары колледжінің студенті Орманов Аян ІІ орынмен , Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің студенті Серікқалиев Рамазан ІІІ орынмен марапатталды. Президенттік тест түрлерінің 1000 метрге жүгіру жарыс нәтижесі бойынша Орда жоғары колледжінің студенті Ерсұлтан Ақжан І орынмен, Болашақ жоғары медицина колледжінің студенті Бертаева Ақбаян ІІ орын, Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінің студенті Сырымова Алия ІІІ орынмен марапатталды. Президенттік тест түрлерінің 2000 метрге жүгіру жарыс нәтижесі бойынша Болашақ жоғары медициналық колледжінің студенті Дүйсенбеков Дамир І орынмен, Қызылорда жоғары көп салалы колледжінің студенті Сейітов Нұржан ІІ орымен, Қармақшы аграрлы – техникалық колледжінің студенті Орынбасар Нұрдәулет ІІІ орынмен марапатталды.Жалпы командалық есеп бойынша І орын Орда жоғары колледжі, ІІ орын Болашақ жоғары колледжі, ІІІ орын Қызылорда жоғары көп салалы колледжі иеленді.
Колледж студенттері арасында Президенттік тест спорт түрлерінен өткізілген жарыстың қорытынды марапаттау жиынында колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Абдикарим Жубанышов және колледж ардагері Сүлеев Қуаныш, ардақты ұстаздың жұбайы Смыханова Бақыткүл апай қатысып, жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.