2023жылдың 20-шы қазан күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» тақрыбы аясында аудандық ақпараттық тобының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Е.Ұзақбаев- Жосалы кентінің ардагарлер кеңесінің төрағасы, С.Адалбекұлы- аудандық прокуратураның аға прокуроры, К.Төлегенқызы- аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, А.Сайлаубекұлы-аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Пірназарұлы -Жастар ресурстық орталығының директоры және колледж директоры Б.Сайдуллаұлы қатысып, студент жастар арасындағы қылмысты болдырмау құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өскелең ұрпақ тәрбиесін назарға алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті және аға буын өкілдерінен өнегелі өсиеттер мен кеңестер және пайдалы ақпараттар ала білді.
Колледжде өткізілген аудандық ақпараттық топ өкілдерінің түсіндірме жиналысы өресі кең саналы жастарымыздың қоғам алдындағы жауапкершіліктерін арттырады деген сенімдеміз.