«Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем»
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2023 жылдың 24 қазан күні 25 қазан Республика күні мерекесіне орай «Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында мерекелік шарасы болып өтті.
Мақсаты: білім алушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді еліміздің туын жоғары ұстайтын болашақ азаматтарды тәрбиелеу. Отанын, туған жерін құрметтеуге үйрету.
Іс –шарада еліміздің гимні шырқалды. Мерекелік шараны колледж директоры Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы ашып, Республика күні мерекесінің маңызына тоқталып, ұжымды мерекемен құттықтады. Мерекелік шарада білім алушылар ән айтып ,би билеп кештің көркін ашты.