ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН КӨРІКТІ
Қармақшы аграрлы –техникалық колледжінде «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында І,ІІ курс студент қыздарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының және аудандық емхана психологы Кетебаева Әмина Тахирқызы және Аудандық Полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықпен қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Касимова Айнур Шакзадаевна қатысты.
Сала мамандары қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрлерімізге сай әдептілік,көріктік,инабаттылық, кішіпейілділік т.б жан –жақты ұлттық қасиеттерін дамыта білуге және жастармен жасөспірімдер арасындағы оның ішінде қыз балаларға қатысты зорлық –зомбылық, отбасындағы тұрмыстық зорлық –зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.