17 қараша күні Ас – 23/9 оқу тобына химия пәні оқытушысы А.Калмурзаева "2(ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттері " тақырыбындағы ашық сабақ өтті.
Оқу мақсаты: 2(ІІА) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу.
Сабақ барысында «Random group» бағдарламасы бойынша студенттер топқа бөлінді. «Wordwall» платформасымен жұмыс жасап, «Жылдам жауап бер» әдісін қолданды.
«Ойлан, жұптас, ақылдас» әдісі арқылы топтық жұмыс және «Жұмыртқа ашу» әдісі арқылы жеке жұмыстар болды.
Студенттер сабаққа белсене қатысып, білім дәрежелерін көрсете алды.
А.Калмурзаева сабақты өз дәрежесінде өтті. Сабақ өте жақсы ұйымдастырылған.Сабаққа қатысқан пән оқытушылары оң бағасын берді.