«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ»
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 1-2 курс студенттері арасында орыс тілі пәні оқытушысы Э.Корабаеваның ұйымдастыруымен
«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ» -танымдық сағаты болып өтті.
Өткізу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде.
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Танымдық сағатта 1-2 курс студенттерінен «Бірлік» және «Достық» командалары сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 курс студентерінен құрылған «Достық» командасы жеңімпаз атанды.
Бүгінгі танымдық сағаты арқылы өскелең ұрпақ бойына елжандылық сезімін және отаншылдық рух дарытып , аңсап жеткен азаттықтың құндылықтарын құрметтей білуге ықпал ете білдім деген сенімдемін.
Танымдық сабағына қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіремін.
Ұйымдастырушы: Қорабаева Эгира Ермекқалиқызы.