2024 жылдың 18 қараша күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде жалпы пән оқытушылары арасында «Үздік жалпы пән оқытушысы – 2024» байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты:
• Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында инновациялық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды терең меңгерген, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан талантты, жаңашыл ізденімпаз оқытушыларды анықтау;
• Жалпы пән оқытушыларының мәртебесін көтеру;
• Жалпы пән оқытушыларының озық іс-тәжірибелерді насихаттау мен тарату.
Байқау кезеңдері:
1.Тест (педагогикалық әдістеме) – 30 минут
2.«Педагогикалық дизайн» (оқытушының пән бойынша сабақ жоспарын жобалау, ҚМЖ дайындау, уақыты: 10 минут)
3.«Менің әдістемелік жұмыс жүйем» - жоба (Сабақ беру барысында тиімді инновациялық әдіс-тәсілдер бойынша іс-тәжірибем, 10 минут).
4. «Жағдаятты сұрақтар» ( Сабақ беру барысындағы педагог пен білім алушылар арасындағы байланыс, жағдаятты сұрақтар 5-7 мин).
Байқауға 8 жалпы пән оқытушылары қатысып, байқау барысында озық іс-тәжірибелерін насихаттай отырып, инновациялық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгерген ізденімпаз оқытушы екендіктерін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша Бағыланбаева Нұргүл Яхобқызы - 1 орын, Джумагалиева Алмагуль Асановна, Алпамысова Ақерке Амандыққызы – 2 орын, Калмурзаева Айнур Жолайхановна және Жүсіпова Ұлман Жайылханқызы – 3 орындарды иеленді.
Байқау жеңімпаздары колледж директорының арнайы дипломы мен кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!