Қармақшы аграрлы- техникалық колледжінде 2020 жылы 05 ақпан күні Қармақшы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесе « Отаншыл жастар-егемен елдің тірегі » тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуді БӘД пәнінің оқытушысы Н.Сержанов жүргізді. Өткізілген іс-шараға колледж директоры И.Айекенов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы капитан Р.Турганов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің өкілі капитан Сембаев Әлібек Сарбаевич , Облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесінің теолог маманы Ж.Сқақов қатысты.
Іс –шараның мақсаты студенттер бойына патриоттық сезім орнату , Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге бағыт-бағдар беру, ел қорғау жолында еңбек етіп келе жатқан ағаларды үлгі тұту.
Шара барысында студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, керекті мәліметтер алды.