Қармақшы аграрлы- техникалық колледжі 2020-2021 оқу жылының 18-23 қаңтар күндері аралығында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының «Шебер көп жерде -өнер көп» тақырыбында апталық болып өтті.
Апталықтың мақсаты: білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан- жақты жеке тұлға ретінде даярлау
18.01.2021 ж «Шебер көп жерде -өнер көп» апталығының ашылуы. Апталықты колледж әдіскері Р.Елдесбаева ашты. Өтілетін апталықтың бағдарламасымен бірлестік жетекшісі Ұ.Нұртазаева таныстырып өтті.
18.01 – «Шебер көп жерде -өнер көп» атты апталық ашылуы, бағдарламасын хабарлау
19.01- «Сөмке дайындау» шеберлік сағаты
20.01- «Киім тарихы» викториналық сайыс
21.01- «Киімді түйреу әдісі арқылы модельдеу» танымдық сабақ
22.01- «Білікті маман - елдің тірегі» кездесу кеші
23.01- «Шебер көп жерде -өнер көп» атты апталығының жабылуы, қорытындылау.
Бекітілген жоспар бойынша күн сайын іс-шаралар өткізілді.
19.01.2021 ж «Сөмке дайындау» тақырыбында шеберлік сағатын өндірістік оқыту шебері Ұ.Жанақаева өткізді. Студенттер фетра матасынан қол сөмкелердің бірнеше түрлерін жасап үйренді.
«Киім тарихы» викториналық сайысында киім тарихына шолу жасалды. “Киім тарихы”тақырыбында екі тілде викторина өткізді. Іс-шараға “Тігінші” мамандығы бойынша І және ІІІ курс студенттері қатысты. Викторинаға тек команда мүшелері ғана емес, сонымен қатар белсене қатысқан оқытушылар да болды. Ал студенттер жағымды энергия ала отырып, жүргізушілердің сұрақтарына белсенді жауап берді.
«Киімді түйреу әдісі арқылы модельдеу» танымдық сабағын арнайы пән оқытушысы Ұ.Нұртазаева өткізді. Сабақ мақсаты: білім алушыларға киімді түйреу әдісімен модельдеу кезінде осы тәсілдің бірізділігін сақтай отырып түйреу технологиясын үйрету. Сабаққа осы мамандық бойынша оқып жатқан І және ІІ курс студенттері қатысты. Түйреу әдістері бойынша технологиялық бірізділікті сақтай отырып, манекендерге орындады.
«Білікті маман - елдің тірегі» кездесу кешінде ауданымызға белгілі жеке кәсіпкер «Алишер» шеберханасының негізін қалаушы Оспанова Рыскүл ханым және колледж түлегі және жоғары оқу орынының түлегі А. Құрмашқызы қатысты.
«Білікті маман - елдің тірегі» кездесу кешінің мақсаты: Өскелең ұрпаққа болашаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу. Кездесу барысында студенттер өз ойларымен және осы мамандыққа байланысты қонақтарымызға сауалдарын жолдап, пікірлесті.
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 18.01 -23.01.2021 ж аралығында аралығында өткізілген «Шебер көп жерде -өнер көп»» тақырыбындағы апталығын қорытындыланып, апталық барысында қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан оқытушылар марапатталды.