Қармақшы аграрлы - техникалық колледжінде 2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында «Білмегенді - үйренедім, үйренгенді - меңгердім» тақырыбында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы аясында апталық болып өтті.
Апталықтың мақсаты: білім алушыларға сапалы кәсіби білім беру оқушыларды адамгершілік пен әдемілік секілді қасиеттерді бойына дарытуға, осы бағытта білім алушылармен жеке дара немесе топтасып жұмыс жасауды қалыптастыру, «Тігін» мамандығына қызығушылықтарын арттыру.
14 ақпан күні ертеңгілікте Арнаулы пән оқытушысы Ұ.Нұртазаева «Тігін» мамандығы бойынша ұйымдастырылған көрмемен таныстырды.
15 ақпан күні «Крейзи» – жіп техникасы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақты арнайы пән оқытушысы Ұ.Нұртазаева жүргізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерді «Крейзи» – жіп техникасымен, қолдану жерлерін, «жынды жіп» жасаудың технологиясымен таныстыру.
Сабақ барысында «Крейзи» – жіп техникасы туралы және «Крейзи – жіп» техникасын қолдана отырып, затты жасаудың әдістерін оқытушыларға түсіндірді және студенттер практикалық жұмыс барысында «Крейзи – жіп» техникасы бйынша жұмыстарын орындап көрсетті.
Оқушылардың жұмысты орындау сәтінен
«Крейзи» – жіп техникасы арқылы жасалған дайын өнім
16 ақпан күні өндірістік оқыту шебері С.Танатова «Қалдықтан туындаған ғажайыптар» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Мақсаты: Студенттерге қалдық матадан ерекше бұйымдар жасау технологиясын үйрету және үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
Шеберлік сағаты барысында студенттердің теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылықпен ұштастыра білді, «Тігінші» мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды және қалдық маталардан сәндік, тұрмыстық заттар, түрлі бұйымдар жасауға болатынын көрсетті
Шеберлік сағаты барысында оқушылар сәндік бұйым ретінде кеңінен таралған
бант пен таңғыштың дайындалу жолын меңгерді және жасап көрсетті
17 ақпан күні «Кинусайга» техникасы тақырыбында шеберлік сағатын өндірістік оқытк шебері Ұ.Жанақаева жүргізді. Сабақ барысында «Кинусайга» – жапон өнері екендігін, оның тарихына және «инесіз жамау» түрінің ерекшеліктерін слайд арқылы көрсетіп, түсіндірді.
Шеберлік сағаты барысында оқушылар қажетті пішінді ағаш тақтаға эскиз жасау арқылы сызықтар бойымен тереңдігі 2-3мм болатын ойықтар жасап, түрлі маталарды сол ойықтарға орналастыру арқылы панно, қораптар асады.
Дайын болған панно, сыйлыққа арналған қораптар
18 ақпан күні "Артық болмас білгенің" тақырыбында І-ІІ-ІІІ курс студенттері арасында сайыс болып өтті.
Сайыстың кезеңдері:
Бағдарламасы:
- "Сәлем сөздің анасы" - таныстыру
- "Ойлы болсаң озып көр" - мақалды жалғастыру
- "Ою ойғанның ойы ұшқыр" - қағаздан ою-өрнек жасау
- "Бұрымды ару" - шаш үлгісін жасау
- "Сән қиялы" -мульяждық әдіспен киім үлгілеу.
"Бұрымды ару" - шаш үлгісін жасау
Мульяждық әдіспен өз фантазияларынан шыққан киім үлгілері
Қорытынды.
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін тек айтатын
Ортамызда төбе би
Өзіңізге сөз бердік, - деп сайысты әділқазы алқасы бағалады:
«Арай», «Ісмер» және «Шебер» топтары сайыстың 5 кезеңі бойынша сайысқа түсіп, сайыстың қорытындысы бойынша «Арай» тобы 50 ұпаймен жеңімпаз атанды.
Апталықты колледж әдіскері Р.Елдесбаева қорытындылады, апталық барысында белсенділік танытқан студенттер М.Ерішова, А.Сүлейменова, Т.Төлебаева, А.Әлибаева, З.Сламбекова, Л.Шермаханбеттер колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.