Қармақшы аграрлы техникалық колледжімізде «Өмірге риза болып, алғыс айт!» психологиялық тренингіміз өтті.
Тренингтің ақсаты: Студенттер ойларын еркін қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері құрылып, күлімдеп қолымыздағы жүрекшеге бір - біріне күлімдеп амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту сәті.
Тренинг бағдарламасы:
1. Шаттық шеңбері
2. Ойланайық, пікірлесейік
3. Тыныштық сәті
4. Сергіту сәті
5. Ойын
6. Қорытынды. Жүректен – жүрекке бойынша лебіздерін білдірді.
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Өмірге риза болып, алғыс айт» аты тренингіміз өз деңгейіне жетті. Тренинг өткізген, психолог Қ.Қожақова