Қармақшы аграрлы техникалық колледжінде «Үздік заманауи сабақ - 2022» байқауы болып өтті.
Шәкірт бойына тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына айналған колледждің 12 жалпы пән оқытушылары сайысқа түсті.
«Жеңіс –біреу, жеңіліс көп болғанмен, шығады «жүзден жүйрік, мыңнан –тұлпар»,–деп колледж оқытушылары төмендегі кезеңдер бойынша сайысқа түсті:
1-кезең –Бір сабақтың қысқа мерзімді жоспарының толық нұсқасы;
2 - кезең – Электронды нұсқадағы сабақтың 7-8 минутқа арналған бейне сабағы;
3-кезең – Оқытушының сабағын презентация арқылы қорғауы
Байқауды колледж директоры Бауыржан Сайдуллаұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау жеңімпаздары наурыз мерекесінде марапатталатын болады.