Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығы мақұлдаған жалпы білім беретін ұйымдарының дене тәрбиесінің мұғалімдері мен нұсқаушыларына арналған «Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының маңызы және үйрету жолдары» тақырыбында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушылары Н.Абдулаев пен Г.Шерипованың әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді.
Әдістемелік көмекші құралда дене шынықтыру сабағында жалпы волейбол ойыны туралы толық мәлімет беріліп, оның маңызы мен үйрету жолдары қарастырылған.