Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің педагог-психологы Қожақова Құндыз Айдарқызының, Жалағаш ауданы, №202 орта мектептің педагог-психолог маманы Алиева Фарида Туатаевна және Сырдария ауданы, №137 мектептің дефектолог маманы Нуржакиева Айнур Серуенбековалардың Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығының кеңес мәжілісінде талқыланып, мақұлданған ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жұмыс істейтін педагогтерге арналған «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістемесі» тақырыбында әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді.
Авторлар әдістемелік құрал арқылы лекотека жағдайында ата-аналар және педагогтар үшін ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды дамытуға арналған жекелей бағдарламалар, бірқатар кеңестер және нұсқаулар, сабақ конспектілерін ұсынған.