Құқық бұзушылықтың алдын алу
07.12.2023 жылы Қармақшы аграрлы - техникалық колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, топтық төбелестің алдын алу, кибербуллинг, буллинг, лудоманияның қылмыстылықтың алдын алу мақсатында студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Абдулғазиз Сәкен Адайбекұлы қатысып жасөспірімдердің денсаулығымен өміріне кері әсер ететін зиянды әдеттерден аулақ болу, құқық бұзушылықты болдырмау үшін оның алдын алу бағытында ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.