«Дұрыс тәрбие –балаға өмірлік азық»
2023 жылдың 13 желтоқсан күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияның көшпелі отырысының 2023 жылғы 28 қарашадағы №22 хаттамасындағы тапсырмасына сәйкес І,ІІ,ІІІ курс бойынша жасөспірім студенттерінің ата-аналарына «Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты : колледжбен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.Бала тәрбиесінде жасөспірімдердің қылмыстылық пен құқы бұзушылығының алдын алуда ата-аналардың құқықтық бағытта ақпараттандыру.
Жиналысқа Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Ерқосаев Жулдызхан Байназарұлы, Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Абдулғазиз Сәкен Адайбекұлы,Қармақшы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар,Қармақшы ауданы әкімі апаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сүлеев Талғат Мирұлы, Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Пірназаров Нұржыман Пірназарұлы қатысты. Жиналыс барысында сала мамандары бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу және ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытындағы профилактикалық шаралардың жүйелі ұйымдастыру, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысты колледж директоры Б. Сайдулла қорытындылап, ата-аналарға кәзіргі кездегі қалыптасқан ахуалға сәйкес, жастармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері,бала тәрбиесі,оқу орнымен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға шақырды. Ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Ата-аналар ризашылықтарын білдірді.