Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті. Мұражай - жәдігерлер мекені дейтін болсақ, 25 қазан-Республика күніне орай «Менің елімнің тарихы» атты іс-шара аясында тарихи өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Колледж студенттеріне тарихи-өлктану мұражайы туралы түсінік беру; Студенттердің ой-өрісін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын қолдау және дамыту.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері
колледж әдіскері Раушан Серікқызының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 18 қазаны күні аудандық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Мұражай қызметкері Сахиева Баршагүл Жеңісбекқызы мұражайдың 3 көрме залымен таныстырды.
Қазіргі күні музей қорында 5500 мыңнан артық жәдігер сақтаулы.
Мұражай - құндылыққа толы, ұлтымыздың алтын қазынасы деп сайнамыз. Қазіргі жастардың осы мұражайға баруы жарқын болашақтың бар екенін көрсетеді.
Саяхат барысында колледж студнттері Қармақшы аудандық музейінің 3 бөлімнен тұратын залдарын аралап, тарихи жәдігерлерімен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті.
Барлық студенттер музейді үлкен қызығушылықпен аралады.
Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды, сондай - ақ, колледж студенттері өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды деген қорытынды жасалды.