Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 14 желтоқсан күні «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны жүргізілді.
Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Тренинг барысында І курс оқушылары өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керектігін түсіндірілді.
- «Мен және өмір» танысу шеңбері
- «Өмір» жаттығуы
- «Екі бақа» туралы аңыз
- «Би терапиясы»
- «Өмір» туралы сұрақтар
- «Гүлдер» релаксациясы
Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар деп белсенді оқушыларға сыйлыққтар берілді. Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!