Қызылорда облысының білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастырумен 15 желтоқсан күні кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пәні оқытушыларының арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты оқытушыларды анықтау, оларды қолдау және тәжірибелерін тарату мақсатында облыстық «Үздік дене шынықтыру пәні оқытушысы -2022» байқауы болып өтті.
Байқауға Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушысы Шерипова Гүлсім Жүсіпбекқызы қатысып, үш тур бойынша бағын сынады:
1.«Мен қазіргі заман педагогімін» - қашықтықтан оқыту жағдайында дене шынықтыру сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету;
2. «Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы» - педагогикалық тәжірибесінде жасаған оқу-әдістемлік құралын оқыту үдерісінде қолдану нәтижесімен таныстыру;
3.Колледжде пәнге қатысты өткізілген іс-шараның өткізілімін таныстыру.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік дене шынықтыру пәні оқытушысы -2022» облыстық байқауына қатысқан Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушысы Шерипова Гүлсім Жүсіпбекқызы жүлделі ІІ орынды иеленді және облыстық білім басқармасы басшысының арнайы Дипломымен марапатталды.
Әріптесімізді жүлделі орнымен құттықтаймыз, жеңісің құтты болсын!