Қармақшы аграрлы – техникалық колледжінде 24 – 28 сәуір аралығында «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбындағы апталықтың ашылуы болып өтті.
Мақсаты: Тіл мен тарих ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі, екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды еліміздің туған ел тарихын білудің маңыздылығын сезіндіре отырып отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
24 сәір күні ертеңгілікте «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты стенд дайындалып, апталықтың жоспарымен таныстырылып, видеоролик көрсетілді. Колледж кітапханашысы Б.Тоқабаеваның әдеби кітаптар көрмесі студенттер назарына ұсынылып таныстырылды. Салтанатты ертеңгілікте колледж әдіскері Р.Елдесбаева сөз сөйлеп, студенттерді «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталыққа белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары А.Джумагалиева, Н.Абдиевалар студент терге сұрақтар қойып сергіту сәтін өткізді. Студенттер ана тілі туралы өлеңдер оқып, апталықтың ашылуы ІІІ курс студенті Сансызбай Есболдың «Жаса, қазақ тілі» атты әнімен қорытындыланды.