«Оқуға құштар колледж» жобасы «Спорт-біздің тынысымыз» кітапхана журфиксі. 27 сәуір күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Спорт-біздің тынысымыз» атты кітапхана журфиксі колледж студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамдасалауатты өмір салтын қалыптастыру, салауатты өмір салтының насихатталуы жастар үшін үлгі-өнеге болатыны үлкен дәлел. Іс-шараның мақсаты-Қазақстандағы спорт жұлдыздары мен колледжіміздің спорттағы жетістіктері туралы ұйымдастырушылар дене тәрбиесінің оқытушылары Д.Байшылықов пен Қ.Жайсаңбаев жастардың спортқа қызығушылығы, қазақ спортының дамуы мен жастар жетістіктері туралы айтып, ойын жаттығулар өткізді. Кітап көрмесіне М.Керейбайдың «Қажы Мұқан», Г.Сүлейменнің «Топжарған», Б.Жұмабайұлының «Қытайдағы қазақ балуандары», Е.Өзбекбайұлының «Аманжол» атты кітаптары және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша кітаптар қойылды. Ашық ойларымен еркін пікірлескен білім алушылар өздері айналысатын спорт түрлері мен спорттың денсаулықтарына пайдасы туралы бөлісті.