?ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
    Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!!!
    ?Синоптиктердің болжамы бойынша, 13 - 15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында жылдамдығы 18-21 м/с екпінді жел, ауаның температурасы түнде -18-23 0С, облыстың солтүстігінде -26 0С аяз, күндіз -10-15 0С аяз күтіледі.
    ?Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Барлық колледждердің (мемлекеттік, жекеменшік) 1, 2 курс студенттерінің 13 – 15 желтоқсан күнгі сабақтары қашықтықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.
    ?Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды.
    ?Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.
     

    Облыстық олимпиада
    2023 жылдың 5 желтоқсан күні Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинт) кәсіптік білім бөлімі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік оқу орындары 1 курс студенттері арасында жаратылыстану пәндерінен облыстық олимпиада болып өтті.
    Мақсаты: Білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету. Жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықтарын арттыру.
    Колледж студенттері екі кезң бойынша бақтарын сынады:

    ?АШЫҚ САБАҚ
    ⏰Уақыты: 24 қараша
    ?Тақырыбы:Тапсырыстарды қабылдау, дайындау және киімдерді дайындау күрделілігін анықтау
    ?Тобы: Тг-22/9
    ??‍?Пән мұғалімі: Тоқмамбетова Лаура