2022 жылдың 14 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен облыстағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының

    1 курс студенттері арасында «Математика», «Физика», «Информатика», «Биология», «Химия» пәндерінен облыстық олимпиада болып өтті.

    Олимпиада мақсаты:  жаратылыстану-математика саласының жетістіктерін арттыру жолдарын, жаратылыстану бағытында ғылыми білім беруді жетілдіру. Еліміздің индустриалды–инновациялық дамуына жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың ықпалын анықтау. Пәндер бойынша дарынды, қабілетті оқушыларды айқындау.

    2022 жылдың 30 қыркүйек күні «Халықаралық білім және ғылым академиясы» ЖШС ұйымдастырған «Білім, ғылым және мәдениет салаларын дамыту мәселелері: теория, практика, тәжірибе» атты ІV Халықаралық ғылыми -практикалық интернет конференцияда «Білім беруді дамыту мәселелері» бағыты бойынша Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің арнаулы пән оқытушылары Н.Жайықбаев пенҚ.Тұрсынбаевтар «Инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үдерісіне қолдану» тақырбында баяндама жасады. Коференцияға қатысушылар сертификат алды және баяндамалары жинаққа енді.

    2022 жылдың 12 қараша күні Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған волейболдан мекеме мен мектеп арасында 2022 жылдың аудан біріншілігінің қорытынды сайысы болып болып өтті. Сайысқа  аудан бойынша 17 команда сынға түсті.

    Қармақшы аграрлы  -техникалық колледжі командасы «Б» лигасында

    ІІІ орынды жеңіп алды, жарысқа қатысқан әріптестеріміз Д.Байшылықов, Қ.Жайсаңбаев, НАбдулаев, С.Атығаев, Н.Хамитов және С.Сырғабаевтарды жеңістерімен құттықтаймыз.