«Ұлттың ұлы перзенті – Темірбек Қараұлы Жүргенов»

    Биыл осынау Алаштың асыл азаматы Темірбек Жүргеновтың туғанына 125 жыл толып отыр.

    Осы орайда Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде қазақ тілі мен тарих апталығы аясында 2023 жылдың 26 сәуір күні колледж әдіскері, тарих пәні оқытушысы Елдесбаева Раушан Серікқызы  «Ұлттың ұлы перзенті – Темірбек Қараұлы Жүргенов» тақырыбында 1 курс студенттерімен тарихи - танымдық сабақ өткізді.

    Қармақшы аграрлы – техникалық колледжінде 27 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Абдиеваның ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ халқының эпик ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты «Мен жастарға сенемін!» атты поэзия кеші болып өтті.

    «Оқуға құштар колледж» жобасы «Спорт-біздің тынысымыз» кітапхана журфиксі. 27 сәуір күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Спорт-біздің тынысымыз» атты кітапхана журфиксі колледж студенттерінің қатысуымен өткізілді.