Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығы мақұлдаған жалпы білім беретін ұйымдарының дене тәрбиесінің мұғалімдері мен нұсқаушыларына арналған  «Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының маңызы және үйрету жолдары» тақырыбында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушылары Н.Абдулаев пен Г.Шерипованың әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді.

    Әдістемелік көмекші құралда дене шынықтыру сабағында жалпы волейбол ойыны туралы толық мәлімет беріліп, оның маңызы мен үйрету жолдары қарастырылған.

    Республика педагогтарының әдістеме мен өнер-білім орталығы ұйымдастырған «Қазіргі білім берудегі: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік» атты республика педагогтері арасында өткен  конференцияда  Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің педагог-психологі Құндыз Қожақованың баяндамасы «Үздік» деп танылып, сертификатқа ие болды және жасаған баяндамасы жинаққа енді.

    Әріптесімізді құттықтаймыз!

    Республика педагогтарының әдістеме мен өнер-білім орталығы ұйымдастырған «Мәртебелі маман-2022» атты байқауында  «Педагог-психолог» номинациясы бойынша білім беру саласында жаңашылдық танытып, ұсынған  жұмыстары үзік деп танылған  Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің педагог-психологі Қожақова Құндыз Айдарқызы

    ІІ орын иленді.

    Әріптесімізді жеткен жетістігімен құттықтаймыз!