Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 14 желтоқсан күні  «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны жүргізілді.

    Тренинг  мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 

    Тренинг барысында І курс оқушылары өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керектігін түсіндірілді.

    Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығы мақұлдаған жалпы білім беретін ұйымдарының дене тәрбиесінің мұғалімдері мен нұсқаушыларына арналған  «Дене шынықтыру сабағында волейбол ойынының маңызы және үйрету жолдары» тақырыбында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушылары Н.Абдулаев пен Г.Шерипованың әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді.

    Әдістемелік көмекші құралда дене шынықтыру сабағында жалпы волейбол ойыны туралы толық мәлімет беріліп, оның маңызы мен үйрету жолдары қарастырылған.

    Республика педагогтарының әдістеме мен өнер-білім орталығы ұйымдастырған «Қазіргі білім берудегі: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік» атты республика педагогтері арасында өткен  конференцияда  Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің педагог-психологі Құндыз Қожақованың баяндамасы «Үздік» деп танылып, сертификатқа ие болды және жасаған баяндамасы жинаққа енді.

    Әріптесімізді құттықтаймыз!